Мәскеу депутаттары Путиннің отставкасын талап етті - Exclusive
Поддержать

Мәскеу депутаттары Путиннің отставкасын талап етті

Мәскеудегі Ломоносов муниципалды округінің депутаттар кеңесі Владимир Путинге Ресей президенті қызметінен кетуді сұрады.

Депутаттардың Путинге үндеуі Ломоносов муниципалды округінің сайтында жарияланған.

– Зерттеулер көрсеткендей, басшысы өзгеріп отырған елдерде адамдар жақсы және ұзақ өмір сүреді. Сіз бірінші және екінші мерзімге президент болып сайланған уақытта жақсы реформалар болды. Кейін бәрі өзгерді. ЖІӨ көбейген жоқ, ең төменгі жалақы деңгейі өскен жоқ, ақылды адамдар Ресейден жаппай кетіп жатыр, уәде етілген тұрақтылық жоқ. Сіз қолданатын риторика агрессияға толы болды. Әлем Ресейден қорқып, жек көре бастады. Біз тағы да бүкіл әлемге ядролық қарумен қауіп төндіріп отырмыз. Жоғарыда айтылғандарға байланысты сіздің көзқарастарыңыз, басқару моделіңіз ескіргендіктен және Ресейдің дамуына кедергі келтіретіндіктен қызметіңізді босатуды сұраймыз, – делінген үндеуде.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.