Мәжілістің 2 депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды - Exclusive
Поддержать

Мәжілістің 2 депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Мәжіліс отырысында депутат Берік Әбдіғалиұлының өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылғаны айтылды.

– ҚР Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 914 Жарлығымен Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды. Осыған байланысты ҚР Конституциясының 52 — бабына, Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық Заңның 24-бабының 3, 8-тармақтарына сәйкес Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ОСК ұсыныс енгізеді, — деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.

Депутаттар Әбдіғалиұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді.

Сондай-ақ, Мәжіліс отырысында депутат Саясат Нұрбек өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

-ҚР Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 919 Жарлығымен Парламент Мәжілісінің депутаты Саясат Нұрбек министр болып тағайындалды. Осыған байланысты ҚР ОСК Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбектің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ҚР Конституциясының 52 — бабына, «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 3, 8-тармақтарына сәйкес ұсыныс енгізеді, — деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.

Депутаттар Саясат Нұрбектің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс бердіМәжіліс Спикері Ерлан Қошанов әріптесіне жаңа жұмысына табыс тілеп, Мәжіліс атынан алғыс хат табыс етті.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *