Ya Metrika Fast


English version

Мүгедектердің зейнетақысын жымқырған экс-директор сотталды

Контекст дня — 19 февраля 2024 17:50
0
Изображение 1 для Мүгедектердің зейнетақысын жымқырған экс-директор сотталды

«Ұлытау облысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» ҚММ бұрынғы директоры 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаменті 29 еңбекке жарамсыз және күтімді қажет ететін қарттардың (бірінші және екінші топтағы мүгедектер) 32 млн теңге көлеміндегі зейнетақылары мен жәрдемақыларын жымқыру фактісін тіркеді.

– Ол 2019 жылғы қаңтардан 2023 жылғы ақпанға дейін қызметтік бабын пайдалана отырып, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола тұра, мекеме қызметкерлерінің лауазымды жалған біріктіру туралы бұйрықтар шығарып, оларға 12 млн теңге көлемінде заңсыз ақша аударған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сотта әлеуметтік мекеменің экс-басшысы кінәсін мойындап, мемлекетке және қарттарға 44 млн теңгеден астам шығынды толығымен өтеген, – деп жазылған хабарламада.


Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдарда және ведомстволарда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.