English version

Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Контекст дня — 22 ноября 2022 18:10
0 -1

ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

– 2022 жылғы 18 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы Арыстанбекке қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты, – деп жазылған сот хабарламасында.

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы биыл 29 мамыр күні бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамалды.

Арыстанбек Мұхамедиұлына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзарды
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.