Мұхамедиұлының сотына қатысты тың деректер айтылды
Бүгін Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты басты сот талқылауы өтуі тиіс болған. Бірақ экс-министр ауа райына байланысты сотқа келмеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Мұхамедиұлы сот талқылауына бейнеконференция арқылы қатысты.
– Ауа райының қолайсыздығына байланысты сотталушы бүгін отырысқа онлайн режимде, кейін офлайн режимде қатысатын болады, – деді судья Бағлан Ыдырысов.
Айта кетейік, бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты іс бойынша сотқа Тұңғышбай Жаманқұлов шақыртылуы мүмкін. Exponat компаниясының өкілі Азамат Көшенов сотта Тұңғышбай Жаманқұловтан жауап алуды сұрады.
Еске салайық, 2022 жылы Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсталған еді.
– Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша 146 миллион теңге сомасында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді, – деп жазды Антикор.
Коллаж: Exclusive.kz



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.