Ya Metrika Fast


English version

Мұрат Әйтенов қызметінен кете ме? – ресми жауап

Контекст дня — 24 июля 2023 17:20
0
Изображение 1 для Мұрат Әйтенов қызметінен кете ме? – ресми жауап

Шымкент әкімдігі жаңа әкім тағайындау туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Бүгін Telegram-арналарда Шымкент қаласының әкімі ауысады деген ақпарат желдей есті. Тіпті кейбір telegram-арналардың бірінде мегаполистің жаңа басшысының аты-жөні аталған.

Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі қазіргі әкім Мұрат Әйтеновті қызметтен босату туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.


– Бүгін БАҚ пен әлеуметтік желілерде Шымкент әкімінің ауысуы туралы жалған ақпарат тарады. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Қазіргі уақытта мегаполис әкімі Мұрат Әйтенов өз жұмысын жалғастыруда, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Мұрат Әйтенов 2020 жылдың қаңтарында Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.