Мәшһүр Жүсіптің еңбектерін жаңғырту ортақ парыз – Тоқаев

Бүгін Павлодар облысы Баянауыл ауданында Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165-жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараға өтті, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Мәжіліс спикері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.
– Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы халқымыздың ауыз әдебиетін, шежірелі тарихын және салт-дәстүрін жан-жақты зерделеп, ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Ұлы ойшылдың мол мұрасы әлі де талай ұрпақтың қажетіне жарары сөзсіз. «Салған мені бейнетке ғылым-білім» деп ақынның өзі жырлағандай, терең таным мен телегей білімнің арқасында елге танымал болып, «Мәшһүр» атанған абызды ұлықтап, еңбектерін жұрттың жадында жаңғырту – баршамыздың ортақ парызымыз, – делінген Президент құттықтауында.
Мерейтой аясында облыста республикалық ақындар айтысы, жыршы-термешілер байқауы, көкпар, бәйге мен қазақ күресінен жарыс өтті.
Фото: Мәжіліс
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.