English version

Мәсімов аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

Контекст дня — 14 ноября 2023 17:11
0 -1

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты жаңа қылмыстық істер қозғалды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қамаудағы Мәсімов ірі көлемде пара алды және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деген күдікке ілініп отыр.

– К.Мәсімовке қатысты “қылмыстық жолмен алынған ақшаны/мүлікті заңдастыру” және “ірі көлемде пара алу” баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп жауап берді ҰҚК басылымның сауалына.

Айта кетейік, Мәсімов прокуратураның санкциясымен Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталған ол 18 жылға сотталған еді.

Фото: РБК


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.