Мәсімов пен оның орынбасарларының ісі сотқа жіберілді
ҰҚК бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық тергеу аяқталды. ҚР Бас прокуратурасы айыптау актісін бекітіп, істі қарау үшін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберді.
Осылайша, айыпталушылар К. К. Мәсімов (ҰҚК бұрынғы төрағасы) және А. Т. Садықұловтың істері (ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары) мемлекетке опасыздық жасау (ҚК 175-бабының 1-бөлігі), билікті күшпен басып алу (ҚК 179-бабының 3-бөлігі), ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану туралы баптар бойынша сотқа өтті.
ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин билікті күшпен басып алғаны (ҚК 179-бабының 3-бөлігі), ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билік пен лауазым өкілетін өзіне және басқаларға пайда мен артықшылық алу мақсатында асыра пайдаланғаны үшін айыпталып отыр (ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы) деп көрсетілген.
ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов , ҰҚК департамент бастығының бұрынғы орынбасары Д. Ақыповқа және ҰҚК-ның басқармасының бұрынғы бастығы Н. Бекмұратқа Қылмыстық кодекстің 362-бабының әртүрлі бөліктері бойынша айып тағылған.
Айта кетейік, қылмыстық іс «өте құпия» деген санат бойынша қаралатын болады.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.