Мәсімовке қатысты іс бойынша деректер жарияланбайды – Қалқабаев
ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты іс бойынша деректер жарияланбайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Қалқабаевтың айтуынша, бұл істің деректері «өте құпия» санатына жатады.
– Іс деректері өте құпия. Ол бойынша толық ақпарат берілмейді. Мемлекеттік құпияны жария етпеу туралы заң бар. Қылмыстық іс «өте құпия» санатына жатқызылған, – деді ол.
Айта кетейік, 2022 жылы 6 қаңтар күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовке мемлекетке сатқындық жасады деген айып тақты.
Астана қалалық сотының ресми мәліметіне сәйкес, Сот шешімі бойынша ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы 18 жылға сотталды.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.