English version

Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Контекст дня — 27 октября 2022 15:10
0 -1

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі 6 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Тергеу соты қамауда болу мерзімін К.К. Мәсімов пен А. Т. Садықовқа 6 желтоқсанға дейін, Д. Е. Ерғожинге 13 желтоқсанға дейін, М. С. Осиповке 22 желтоқсанға дейін ұзартты. К.Мәсімовке қатысты істі тергеу тамыз айында аяқталды, — делінген ресми хабарламада.

ҰҚК мәліметінше, Мәсімовке қатысты қылмыстық іске «аса құпия» деңгейі берілген.

Айта кетейік, Кәрім Мәсімов биылғы жылдың қаңтар айының басында қамалды. ҰҚК-нің бұрынғы басшысына ҚР Қылмыстық кодекстің 175-бабы, 1-бөлігі («Мемлекетке сатқындық»), 179-бөлімі, 3-бөлігі («Билікті күшпен басып алу») және 362-бөлімі, 4-бөлігі, 3-тармағы («Билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану») бойынша айып тағылған.

Фото: gov.kz

Изображение 1 для Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.