English version

Мәсімовтің артында кім тұрғанын білмеймін – Назарбаев

Контекст дня — 20 ноября 2022 13:00
0 -1

Бүгін кезектен тыс өтіп жатқан президент сайлауында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев дауыс беруге келді. Кейін журналистердің сұрағына жауап берген Назарбаев Кәрім Мәсімовке қатысты пікір білдірді.

Мен де Мәсімовтің артында кім тұрғанын білу үшін тергеу мен соттың аяқталуын күтемін. Мәсімов менімен бірге көп жылдар бойы жұмыс істеді. Иса Мәсіх те жанында жүрген Яһуданың сатқын екенін білді ме? Біз Құдай емеспіз. Сондықтан соттың аяқталуын күтейік, деді Назарбаев.

Еске салайық, Кәрім Мәсімов қаңтар айының басында мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталған. Қаңтар айының соңында ҰҚК баспасөз қызметі Мәсімов пен оның орынбасарларының ісі құпия болып, сот оларды қамауға алуға санкция бергенін хабарлады.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев өзінің немере інісі Қайрат Сатыбалдыға тағайындалған жаза әділ деп санайтынын айтты.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Мәсімовтің артында кім тұрғанын білмеймін – Назарбаев
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.