English version

Мәсімовтың інісінің ісі туралы тың деректер айтылды

Контекст дня — 26 декабря 2022 12:30
0 -1

Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовтің ісі сотқа берілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

– Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Н. Мәсімовке, оның орынбасары Д.Сиразидимовке және кәсіпкер Е. Евковичке қатысты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, – деп жазылған хабарламада.

Мәсімов пен Сиразидимов мемлекеттік сатып алуды өткізу және үлестес компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде қамқорлығы үшін 90,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталуда.

Сондай-ақ, олар арттехқару-жарақ сатып алуға арналған 420 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталуда.

Коллаж: politic.kz

Изображение 1 для Мәсімовтың інісінің ісі туралы тың деректер айтылды
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.