English version

Мәскеуге тағы да дрондар шабуылдады

Контекст дня — 30 июля 2023 17:27
0 -1

Мәскеу мэрі Сергей Собянин Ресей астанасына дрондардың шабуыл жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz қала басшысының ресми телеграм-арнасына сілтеме жасап.

– Қаланың екі кеңсе мұнарасындағы қасбеттер зақымдалған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, – деп жазылған хабарламада.

Ресей қорғаныс министрлігі Москва-сити ауданына екі дрон ұшып келгенін және радиоэлектронды құралдардың көмегімен олардың басқару жүйесі бұзылып, дрондар ғимаратқа құлағанын хабарлады.

Ведомство өкілдері бұл жағдайды «Киев режимінің террористік шабуыл жасау талпынысы» деп атады.

Фото: Freepik


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.