Мәжіліс депутаты Шахтинск қаласындағы ЖЭО-ны сынға алды
Мәжіліс депутаты Бауржан Смағұлов Қарағанды облысының Шахтинск қаласында болып, «Шахтинстеплоэнерго» ЖШС-ға тиесілі жергілікті жылу электр орталығының жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Мердігер «Идиго принт» ЖШС-ның қызметіне қатысты көп сұрақ туындап отыр. Жөндеу жұмысын небары 4 адам жасап жатыр. Бұл – жеткіліксіз. Компанияның тек қарапайым қазандықтарды жөндеу тәжірибесі бар. Ал мұндағы жұмыс ауқымы едәуір үлкен. Тағы бір маңызды мәселе – ЖЭО шатырының апаттық жағдайы. Жабдықтар ұзақ уақыттан бері жаңартылмай келді. Жылу желілерінде тек гидравликалық сынақтар жүргізілді. Бір сөзбен айтқанда, мұнда бей-берекетсіздік белең алып отыр, – деді Бауржан Смағұлов.
Депутат ЖЭО-ны жаңғырту мәселесін өз бақылауына алатынын мәлімдеді.
Коллаж:



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.