English version

Мәжіліс әйелдердің зейнет жасына қатысты заң қабылдады

Контекст дня — 26 октября 2022 17:50
0 -1

26 қазан күні Мәжіліс депутаттары әйелдердің 61 жасында зейнетке шығу құқығын бекітетін норманы қамтитын мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі заң жобасына түзетуді екінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы шеңберінде ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін 70%-ға дейін, ең жоғары, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 120%-на дейін дәйекті жеткізу жөніндегі нормалар көзделген.

Сонымен қатар, әйелдер үшін зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітіледі. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс шегі 46 еседен 55 есеге дейін ұлғаяды.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық әйелдердің зейнет жасы 61 жасқа дейін төмендейтінін айтқан еді.

– Жұртшылықтың өтінішін ескеріп, әйелдер үшін зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде тіркеледі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет, – деді президент.

Фото: Қазалы

Изображение 1 для Мәжіліс әйелдердің зейнет жасына қатысты заң қабылдады

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.