English version

Мәжіліс сайлауы: Тазабек, Шораев, Тайжан бір мандатқа таласа ма?

Контекст дня — 30 января 2023 18:10
0 -1

Түркиядан Қазақстанға қайта оралды деген Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабековтің және Арман Шораевтың Мәжіліс сайлауында бір мандатқа таласуы мүмкін. Бұл туралы журналист Ораз Әлімбеков жазды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Мүфтият ішінде жүрген құпия дереккөздің (лақап аты «Сахаба») айтуынша, Мұхамеджан Тазабеков Мәжіліс сайлауының додасына қатысады. Ол «украиншіл» Арман Шораев немесе «батысшыл» көзқарастағы Мұхтар Тайжан түсетін бір мандатты сайлау округіне тіркеліп, күшті бәсеке туғызады. Бекболат Тілеухан жөнінде кесімді ештеңе айта алмаймын. Қазір ол діндарларға сырын шашпайтын біртоға, тұйық адам болып алған. Мүмкін Тілеухан өзінің жақын туысы Тазабековті сайлауда қолдау үшін келген шығар» деді «Сахаба». Мұхамеджан Тазабековтің Мәжіліс сайлауының «тартысты» додасына қатысатыны жөніндегі «Сахабаның» мәліметін Ақ орда маңын торуылдап жүрген дереккөз де қуаттады. Оның айтуынша, электоралды науқанды бастан-аяқ мемхатшы Ерлан Қарин жеке дара басқарып отыр. Және жоғарғы биліктегі кадр саясатында «соңғы сөзді» сол айтады, – деп жазды Әлімбеков facebook парақшасында.

Сондай-ақ журналист дереккөздерге сүйене отырып, Мәжіліс сайлауындағы негізгі текетірес Шораев пен Тазабеков арасында болатынын айтты.

– Ақ орда маңындағы дереккөз Шораев пен Тазабеков бір округте тіресе қалған жағдайдың Қарин сызып қойған сценарийінің қандай нәтиже көздейтінін де айтып берді.
Бірінші сценарий бойынша, Шораев, Тазабеков және тағы бір (немесе бірнеше) кандидат бәсекелеседі. Негізгі текетірес Шораев пен Тазабеков арасында болады. Мақсат – Шораевты депутаттыққа өткізбеу. Нәтижесінде, дауыс бірнеше адамға бөлінеді де, Қарин ставка қойған үшінші кандидат жеңіске жетіп, Мәжілістің депутаты деген мандатты иеленеді. Ал Шораев Тазабековті аз ғана дауыспен ұтып кетеді. Шораевтің жақтастары үшін «командасы мықты, әнші-биші, діндарлар ұйып тыңдайтын» Тазабековті жеңіп кеткені жақсы жетістік, мәртебе болып көрінеді. Шораевшілер басқа емес, танымал Тазабековті жеңіп кеткенін місе тұтып, соған масаттанады. Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабеков сайлауда жеңіліп, депутат болмаса да, ұтылмайды. Олардың бұл сайлауға қатысуы Қаңтар оқиғасы кезінде «мундиріне» жағылған қара дақты жуу және қоғамдық пікір алдында ақталу, яғни саяси реабилитация үшін керек. Олар да Қариннің Қазақстанда биліктің «қайнар көзі» екенін біліп отыр, – деп жазды ол.

Фото: Exclusive.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.