English version

Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы жазба жариялады

Контекст дня — 15 января 2023 18:10
0 -1

Бүгін – мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаткер, халқының біртуар ұлы Заманбек Нұрқаділовтің туған күні.

Заманбек Нұрқаділовтің 1944 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүние есігін ашты.

Нұрқаділов әр жылдары түрлі саяси қызметтер атқарды:
1985 — 1992 — Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы;
1992 — 1994 — Алматы қаласының әкімі;
1995 — 1997 — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
1997 — 2001 — Алматы облысының әкімі;
2001 — 2004 — Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің төрағасы.

Заманбек Нұрқаділовтің жұбайы Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оны еске алды.

– Бүгін, 15 қаңтар Зәкеңнің туған күні. Біздің туғандар құран бағыштауда, халқыңыз да сізді ұмытпайды. Зәке,топырағыңыз торқа болсын, амалым қанша, – деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.