English version

Маңғыстаудағы мұнайшылар Республика күніне орай ақшалай төлем талап етті

Контекст дня — 24 октября 2022 15:15
0 -1

Әлеуметтік желіде мұнайшылардың ҚазМұнайГаз басшылығы мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған үндеуі пайда болды.

«Ақтаукрантехсервис» ЖШС қызметкерлері Маңғыстау облысындағы Жетібай және Қаламқас кен орындарында еңбек етеді. Lada.kz мәліметінше, мұнайшылар ұлттық мереке қарсаңында ақшалай төлем алғысы келеді.

Олардың айтуынша, мұнай компаниялары өз қызметкерлеріне 50 АЕК төлеген. Кен орындарының қызметкерлері ҚазМұнайГаз және Маңғыстаумұнайгаз басшыларынан осындай жағдайды талап етеді.

– Біз кен орындарының қызметкерлері ретінде мұны әділетсіздік деп санаймыз. ҚазМұнайГаз және Маңғыстаумұнайгаз компаниялары мұнай саласындағы өз қызметкерлеріне ақшалай төлем туралы шешім қабылдағанның біз де алуымыз керек. Сондықтан Ақтаукрантехсервис, ТрансАвис және Қаламқас Газ ЖШС барлық жұмысшылары мерекелік төдемдерді талап етеді! – делінген хабарламада.

Айта кетейік, жақында Бейнеу ауданындағы Құлжан кен орнында мұнай өндірумен айналысатын жұмысшылар да президент және әкім Нұрлан Ноғаевқа жүгінді. Мұнайшылар жалақыны көтеруді талап етті.

Изображение 1 для Маңғыстаудағы мұнайшылар Республика күніне орай ақшалай төлем талап етті

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.