English version

Маңғыстауда жалпы қуаты 40 ГВт болатын күн және жел станциялары салынады

Контекст дня — 21 июня 2023 18:00
0 -1

Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы «жасыл» сутегі өндіретін зауыттың құрылысы аясында Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мен Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен бұрғылау жұмыстарын іске қосу рәсімі өтті, деп хабарлайды Exclusive.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаны танымал Svevind неміс компаниясы Еуропалық кеңес Президенті Шарль Мишельдің өткен жылдың қазан айында Қазақстанға сапары кезінде қол қойылған Инвестициялар туралы келісім аясында жүзеге асырып жатыр.

– Жоба бойынша Маңғыстауда жалпы қуаты 40 ГВт болатын күн және жел станцияларын салу жоспарланып отыр. Бұл жылына 2 млн тоннаға дейін «жасыл» сутегі немесе 11 млн тонна «жасыл» аммиак өндіруге мүмкіндік береді, – деп жазылған хабарламада.

Svevind компаниясының басшысы Вольфганг Кропптың айтуынша, әлемде «жасыл» сутегін өндіру бойынша мұндай ауқымда бірде-бір жоба әлі жүзеге асырылмаған.

Фото: ukimet


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.