Майқайыңға халықаралық құтқарушы шақыруға қажеттілік болған жоқ – Скляр
«Майқайың» кенішінде тау-кен жұмыстары қайта жанданды. Жұмыстар аяқталғаннан кейін құтқарушылар ішінде екі адамы бар автобусты аршып алуға кіріседі, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Жұмыс қайта жанданды. Тау-кен жұмыстары тәулік бойы жүргізілетін болады. Шұңқырдың айналасында қоршау үшін үйінді жасалады, тау-кен инженерлік жұмыстарын жүргізу жобасын дайындау жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта бұл жұмыстардың барлығымен кәсіпорын айналысуда, – деп хабарлады ТЖД.
Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Төтенше жағдайлар министрлігі ойыққа құлап кеткен өз әріптестерін құтқару үшін бар күш-жігерін салғанын атап өтті.
– Өйткені мұндай тәжірибе де болмаған. Төтенше жағдайлар министрлігі ойыққа құлап кеткен өз әріптестерін құтқару үшін бар күш-жігерін салды. Жұмысшылары қаза тапқан ұйым да қолдан келгеннің бәрін жасады, – деді ол.
Фото: sputnik



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.