Майқайыңдағы автобус апаты: құтқару жұмысы тоқтатылуы мүмкін
Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы опырылу орнында экскаваторлар топырақ пен тау жыныстарын қайта экскавациялауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
«Майқайыңалтын» АҚ аумағында опырылу орнының барлық периметрі бойынша жарықтар пайда болды. Бұл өте қауіпті.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, магнитометрмен және геосканермен топырақты зерттеу кезінде «GRP Ridder grupp» ЖШС мамандары объектінің орналасқан жерінде құлау ықтималдығы жоғары деген қорытынды берді.
– «Майқайыңалтын» АҚ аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын тұтастай немесе олардың бір бөлігін тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқығы бар кеніштің басшылығы басқарады, ол бірінші кезектегі тәртіппен төтенше жағдай аймағындағы адамдарды құтқару бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдайды, – деп жазылған хабарламада.
Фото: ТЖМ



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.