English version

«Маскүнем Шойгу, сен кім едің?»: Шораев Ресейдің Қорғаныс министріне жауап берді

Контекст дня — 30 июля 2022 16:05
0 -1

Қоғам белсендісі Арман Шораев Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуға жауап қайтарды. Шораевтың айтуынша, Сергей Шойгудың сөздерінен Кеңес үкікметін аңсау байқалады.

– Күні кеше Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Кеңес үкіметі құрылады дегенді айтты. Шойгу, сен кім едің? Кеңес үкіметі қазақтың 4 млн азаматын қырып салған. 25 мың асылдарымызды атты. «Кеңес үкіметі керек пе?» деген сұрақты қазақтарға, өзбектерге, қырғыздарға қой. Маскүнем Шойгу бес айда Украинаның бір ғана облысын басып алдыңдар. Ол жер Украинаға қайтады, 40 мың сарбаздарың қырылды. Мен тува халқын, буряттарды бауырым деп есептеймін. Өкінінішке орай, сендер тарихтарыңды білмейсіңдер. Кеңес үкіметі ешқашан оралмайды, – деді Шойгу.

Айта кетейік, кеше Сергей Шойгу Кеңес Одағы тағы да құрылатыны туралы айтты.

– Біздің қатарымыз мұның бәрі уақытша болатынына және тағы да Кеңес Одағы құрылатынына болдық сенімді болдық. Бәрі бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді, – деді Шойгу.

Фото ашық деректерден


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.