McDonald’s-тың жабылуына Боранбаевтың қатысы бар ма? – Жұманғарин жауабы
18 қараша күні Қазақстанда McDonald’s желісінің мейрамханалары жабылды. Компанияның отандық франшизасына наурыз айынан бері қамауда отырған Қайрат Боранбаев иелік етеді.
Журналистердің сұрағына жауап берген сауда және интеграция министрі – үкімет басшысының орынбасары McDonald’s-тың жабылуына Боранбаевтың қатысы жоқ екенін айтты.
Серік Жұманғариннің мәліметінше, компания импорт тауарының жетіспеуінен жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған.
Еске салайық, Боранбаевты Қаржы мониторингі агенттігі қызметкерлері Алматыда ұстады. Қайрат Боранбаев – Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы. Оның қызы Алима Боранбаева Дариғаның ұлы Айсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шыққан. Кейін Айсұлтан мен Алима ажырасып кеткен.
Коллаж: Экспресс К
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.