Ya Metrika Fast


English version

ҚМДБ «блогерлерге хиджаб кигені үшін ақша ұсынған» деген ақпаратты жоққа шығарды

Контекст дня — 26 июня 2023 17:10
0
Изображение 1 для ҚМДБ «блогерлерге хиджаб кигені үшін ақша ұсынған» деген ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) төрағасының кеңесшісі Дүйсенбай Кенжетай қазақстандық блогерлерге хиджаб кигені үшін ақша төлеген деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында ҚМДБ өкілі хиджабқа қатысты біршама сұрақтарға жауап берді.

– Орамал тағу – жыныстық жетілуге жеткен әйелдің міндеті. Біз біреуді хиджаб киюге мәжбүр еткенін немесе ол үшін ақша төлегенін естіген жоқпыз. Бұл қате түсінік, – деді Дүйсенбай Кенжетай.


ҚМДБ басшысының кеңесшісі ҚМДБ тарапынан студенттерге оқу орындарына хиджаб киюге қатысты нақты нұсқаулар жоқ екенін атап өтті.

Коллаж: Ulysmedia.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.