Мейіржан Төребаевтың қамаудағы мерзімі тағы бір айға ұзартылды
Қазақстандық вайнер Мейіржан Төребаевты қамауда ұстау мерзімі 17 қазанға дейін ұзартылды.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарламасы бойынша, 17 қыркүйек күні сот қаулысымен Төребаевқа қатысты материалдармен танысу кезеңінде күзетпен ұстау мерзімін бір айға ұзартуды санкциялау туралы өтініш 17 қазанға дейін қанағаттандырылды.
– Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ, – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
10 ақпан күні қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету бойынша қылмыстық іс қозғалды.
11 сәуірде қаржы пирамида салымшысы ҚР Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберді.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.