Мейрам Қажыкен мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырды
Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша емтихан тапсырды.
ОСК жанынан құрылған лингвистикалық комиссия президенттікке үміткер Мейрам Қажыкеннің мемлекеттік тілді еркін меңгергенін мәлімдеді.
Ол «Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер» тақырыбында эссе жазып, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолынан» үзінді оқыды. Сондай-ақ, «Ырыс алды – ынтымақ» тақырыбында шағын баяндама жасады.
Айта кетейік, Мейрам Қажыкен «Аманат» Қазақстан кәсіподақтары достастығы» атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылған еді.
61 жастағы үміткер Павлодар облысының тумасы. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. Экономикалық зерттеулер институтының басшысы.
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.