English version

Мейрам Қажыкен қызметі туралы ақпаратты жоққа шығарды

Контекст дня — 21 октября 2022 15:35
0 -1

«Аманат» кәсіподақтар достастығы атынан кезектен тыс президент сайлауына қатысатын үміткер Мейрам Қажыкен «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің экономикалық зерттеулер институтын басқармағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Facebook-те айтты.

– Достар, соңғы күндері кейбір БАҚ беттерінде менің еңбек өтілім туралы жалған ақпарат тарауда. Онда мен «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің экономикалық зерттеулер институтын басқарғанмын деп айтылып жүр. Мұндай жалған ақпарат не себепті таралғанын білмеймін, алайда өкінішке орай кейбір БАҚ ақпараттың шынайылығына көз жеткізбей оны жариялап жіберген. Мен расымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да жұмыс істедім және оның жоғарыда аталған «Астана» ҰК-ға еш қатысы жоқ. Сол себепті жалған ақпарат таратпауға шақырамын, – деп жазды Қажыкен.

Орталық сайлау комиссиясы презденттікке үміткер Мейрам Қажыкенді ресми түрде тіркеді.

Үміткер «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, сайлаушылардың 122 мыңнан астам қолын жинаған. Оны комиссия арнайы тексерістен өткізген. 2 мыңнан астам қол жарамсыз деп танылды.

Фото: Миа Казинформ

Изображение 1 для Мейрам Қажыкен қызметі туралы ақпаратты жоққа шығарды

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.