Мектеп оқушысын азаптап өлтірген күдікті азамат табылды - Exclusive
Поддержать

Мектеп оқушысын азаптап өлтірген күдікті азамат табылды

Жетісу облысы Панфилов ауданы Шолақсай ауылында полицейлер кәмелетке толмаған қызды зорлап, өлтірген күдіктіні ұстады.

Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған азамат оқушымен жыныстық қатынасқа түскенін және кейін жасаған әрекетінен қорқып өлтіргенін мойындаған.

– Күдікті қаза болған қыз тұратын ауылдың тұрғыны болып шықты. Күдікті оқушыны алдымен зорлап, артынша қылмысын жасыру үшін өлтірген. Кейін ауылдың шетіне барып көміп тастаған. Ол мұндай әрекетке қылмысын жасыру үшін барғанын айтты. Қазір жасөспірім қыздың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді, – делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Күдіктіге бірден 3 қылмыстық іс қозғалды. Ол кем дегенде 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы журналист Қанат Әбілқайыр Facebook парақшасында жазды.

– Күдікті ретінде бұған дейін де сотталған, 1984 жылы туған, А. Р атты азамат қамауға алынды. Ол жас қызды айуандықпен зорлап, мәйітті өртеп, қыздың денесін көміп тастаған. Оқиға барысы ұлттық сипат алып бара жатқандықтан, қазір Шолақай ауылында қауіпсіздік шарасы күшейтілген, – делінген жазбада.

Фото ашық деректерден




3 Комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.