English version

Мектеп оқушылары жыл сайын қазақ тілі бойынша емтихан тапсыруы мүмкін

Контекст дня — 24 января 2023 18:10
0 -1

Қазақстанда мектеп оқушылары жыл сайын қазақ тілі бойынша емтихан тапсыруы мүмкін, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізілсін», – деп жазылған бұйрықтың жобасында.

Оқу-ағарту министрлігі келесі оқу жылынан бастап академиялық жылды 5-8 сынып және 10 сынып деңгейінде аяқтаған кезде қазақ тілінде оқытатын мектептерде «қазақ тілі» пәні бойынша және қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде «қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтихан енгізуді ұсынды.

Жоспар бойынша емтихан оқу жылының соңында жазбаша және ауызша түрде өтеді: тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу.

Емтиханды өткізу уақытын білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі белгілейді. Тапсырмаларды педагогтер дайындайды және білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді.

Коллаж: Exclusive.kz

Изображение 1 для Мектеп оқушылары жыл сайын қазақ тілі бойынша емтихан тапсыруы мүмкін
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.