Мектепке хиджабпен келуге бола ма? – министр жауабы - Exclusive
Поддержать

Мектепке хиджабпен келуге бола ма? – министр жауабы

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкімет кулуарында журналистердің мектептегі хиджаб кию мәселесі бойынша сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

– Барлық оқушылар талаптарға сәйкес мектепке мектеп формасында келуі керек. Мұны жақсы білесіздер. Бұл білім алуға тең мүмкіндіктер беру аясында жасалады. Бұл тұрғыда ешқандай өзгеріс жоқ. Барлығы заң аясында және бекітілген талаптарға сай, – деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, министр әлеуметтік желілердегі кейбір ата-аналардың қыздарына мектепке хиджаб киюге рұқсат етілмесе, митингке шығамыз деген сөздеріне қатысты пікір білдірді.

– Мектепке барудың мақсаты сапалы білім алу. Ата-аналарға мұнда басқа сұрақтарды араластырудың қажеті жоқ. Бала білім алуы керек және ата-ана бұған ықпал етуі керек. Біз бәріміз Заңды ұстануымыз керек. Конституция бар және бізде зайырлы мемлекет деп жазылған, сондықтан балалар мектеп формасын киюі керек. Бұл талап. Бұл тұрғыда бізде ештеңе өзгерген жоқ, – деді Бейсембаев.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *