Мектептерде 7 жылдан астам қызмет атқарған директорлар тексеріледі
Қазақстанда мектептер мен балабақшаларда жеті жылдан астам қызмет атқарып келе жатқан барлық директорлар тексеріледі.
Бұл туралы Талдықорғанда Білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте білім Ғани мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Ведомство басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес білім беру саласындағы негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті.
Директорларды тағайындаудың ашықтығы үшін жоғары білікті педагогтар мен басшылардың кадрлық резервінің базасы құрылатын болады.
Министрлік аумақтық бөлімшелердің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, әкімдіктердің, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының мониторингтік топтар құрғанын еске салды.
Кеңеске Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірінші орынбасары Дмитрий Малахов, беру ұйымдарының 200-ге жуық басшылары, сондай-ақ бухгалтерлер, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.