Мектептерде орыс тілінде оқытатын сыныптар жабыла ма? – ресми жауап
Оқу-ағарту министрлігі орыс тілінде оқытылатын сыныптардың жабылуы мүмкін екендігі туралы хабарламаға жауап берді.
Әлеуметтік желілерде қазақстандық мектептерде орыс тілінде оқытатын сыныптар жабылатыны туралы ақпарат тараған еді.
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақ сыныптарында да, орыс тілінде оқытатын сыныптарда да орыс тілі бұрынғыдай оқытылады, басқа жоспар жоқ, – деді берді Каринова.
Stopfake.kz басылымы «Информбюро» эфирінде шыққан «Қазақстанда орыс мектептерінің болашағы бар ма?» атты материалды мысалға келтірді.
–Сюжетте орта білім беру саласындағы үрдістер талқыланып, орыс тілді мектептердегі оқушылар санының азаюы сөз болды. Гимназия директоры қалған оқушылар болашақта бәсекеге қабілетсіз болып қалуы мүмкін деген пікірін білдіріп, ата-аналарды мемлекеттік тілді меңгеру үшін балаларды қазақ мектептеріне беруге шақырды. Сюжетте Білім сарапшыларының қазақ лигасының вице-президенті Наталья Дрейттің де пікірі ұсынылды. Ол орыс және қазақ мектептері толы және мәселе мұғалімдердің жетіспеушілігінде, ал бұл жағдайды педагогтердің мәртебесі туралы заң өзгертуі тиіс деп мәлімдеді. Бүгінде бұл материал пабликтерде әдейі бұрмаланып жарияланып жатыр, – деп жазды Stopfake.kz.
Фото: AFP
Комментариев пока нет