Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысты кешірім сұрауы керек – құқық қорғаушылар
Бүгін Алматыда құқық қорғаушылар мен белсенділер Қаңтар оқиғасы бойынша «Ескертусіз қасақана оқ ату…» баяндамасын таныстырды, деп хабарлайды Exclusive.kz Азаттыққа сілтеме жасап.
Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина заңгерлердің қаңтар оқиғасына қатысты үш санатпен жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
– Бірінші санат – қылмыстық ісі тоқтатылған адамдар. Бірақ олар тергеу изоляторында азапталған. Біз қазір моральдық шығын мен кешірім сұрауды талап етіп отырмыз. Азаптау көргендердің саны бүкіл Қазақстан бойынша 200-ге жуық, – деді ол.
Құқық қорғаушы Евгений Жовтис кісі өліміне әкелетін бұйрықты орындаудан бас тартуға мүмкіндігі бола тұра ештеңе істемегендерді “басшылықтың бұйрығымен” деп ақтап алуға болмайтынын айтты.
Бұдан бөлең қаңтар қырғынына қатысты саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлы пікір білдірді. Оның айтуынша, бейбіт адамдардың қаза болғанына президент Қасым-Жомарт Тоқаев кінәлі.
Фото: azattyq
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.