Мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаев дүниеден озды
Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев көз жұмды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бердібек Сапарбаевтың отбасы мен жақын туыстарына қайғыра көңіл айтты.
Мемлекет басшысы елдің өркендеуіне үлес қосқан азаматтардың бірі екенін атап өтті.
– Бердібек Машбекұлы ұзақ жылғы еселі еңбек жолында лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени өркендеуіне және өңірлерді дамытуға мол үлес қосқан еді. Мемлекетіміздің сындарлы саясатын зор біліктілікпен жүргізе білді. Қазақстанның беделі мен мәртебесінің арта түсуіне қажыр-қайратын жұмсады. Азаматтық қадір-қасиетімен ел ішінде құрметке бөленді. Соңына өшпес із қалдырған Бердібек Машбекұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.
Айта кетейік, Бердібек Сапарбаев Қазақстанның бес өңірінде әкім болды: Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Жамбыл облыстары.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.