English version

«Мемлекет барлық жағдайды жасайды»: Тоқаев балаларды қорғау күнімен құттықтады

Контекст дня — 1 июня 2023 10:50
0 -1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хатында балалар елдің ертеңі екенін айтып, мемлекет олардың білімді болып өсуі үшін жағдай жасайтынын атап өтті.

– Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала – бауыр етіміз. Олар – еліміздің ертеңі. Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді әрі жан-жақты болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды. Балаларымыздың болашағы баянды болсын! – деп жазды Президент.

Айта кетейік, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.