Ya Metrika Fast


English version

Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді – Тоқаев

Контекст дня — 5 декабря 2023 17:30
0
Изображение 1 для Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаев құттықтауынба еріктілердің еңбегін ерекше атап өтіп, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын азаматтарға алғыс білдірді.


– Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. «Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар. Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді, – деп жазды Тоқаев өзінің Х парақшасына.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.