Мемлекетаралық іздеу жарияланған кәсіпкер ұсталды
Мемлекетаралық іздеу жарияланған Жексенғалиев Әнуарбек Болатұлын Алматы бойынша ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері ұстады. Бұл туралы ведомствоның ресми арнасына хабарлады.
Еске салайық, 25 сәуірде Қаржы мониторингі агенттігі оған іздеу жариялаған.
Әнуарбек 1,1 миллиард теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген
Әнуарбек Жексенғалиевке бұлтартпау шарасы бойынша күзетпен ұстау тағайындалды.
Комментариев пока нет