Мемлекетке опасыздық жасады деген Мәсімов сот үкіміне шағым түсірді
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Апелляцияға шағым жазылды, бірақ ол апелляциялық сотқа әлі түскен жоқ. Іс “аса құпия» айдарымен қаралғандықтан, басқа мәліметтер жария етілмейді, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Бұған дейін ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев ҰҚК-нің экс-басшысы мен басқа да сотталған қызметкерлер әлі де аппеляциялық шағым түсіре алатынын айтқан еді.
Еске салайық, Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оның мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды. Іс аса құпия белгісімен қаралған.
Фото: Sputnik
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.