Мемлекеттік рәміздерімізді қорлауға ешқашан жол бермеуіміз қажет – Тоқаев - Exclusive
Поддержать

Мемлекеттік рәміздерімізді қорлауға ешқашан жол бермеуіміз қажет – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, президент жиынға қатысушыларды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл күннің егемен еліміз үшін айрықша мерейлі әрі маңызды екенін атап өтті.

Бүгін мемлекеттік рәміздер қабылданғанына 30 жыл толды.

– Қасиетті нышандарымызда қазақтың мың жылдық арман-тілегі, мақсат-мұраты түгел тоғысқан. Ту халқымыз үшін қашанда ерлік пен елдіктің символы саналған. Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Ал, Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді. Әрқайсымыздың кеудемізге мақтаныш ұялатады. Өйткені, бұл – бабаларымыздың орындалған арманы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев еліміздің басты құндылықтарына немқұрайлы қарайтындарға тосқауыл қою қажеттігін айтты.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *