Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң Қазақстанды одан бетер жемқор елге айналдырып тынады
1 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев экономикада бұрын-соңды болмаған мемлекет үшін маңызды «Мемлекеттік сатып алулар туралы» негізгі заңның жаңа нұсқасына қол қойды. Билік аталмыш заңның сатып алудың ашықтығы мен атқарылатын жұмыс сапасын арттыруға бағытталғанына қоғамды сендіруге тырысуда. Алайда не себепті екені белгісіз билік қорытынды құжаттың бастапқы идеяларға қайшы келетініне және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін арттыра түсетініне көз жұма қарауда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік сатып алу туралы заңды реформалау міндетін 2022 жылдың қыркүйегінде қойған болатын.
– Мемлекеттік сатып алудың сапалы жаңа жүйесін құру қажет. Ең төменгі баға емес, сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің сапасы басымдыққа ие болуы керек. Мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың сатып алуларын бірыңғай платформаға ауыстыру қажет. Осы тәсілдерді іске асыру үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылдау қажет, деген болатын-ды Мемлекет басшысы өзінің қыркүйек айындағы Жолдауында.
Қасым-Жомарт Тоқаев заңды реформалау мақсаттары жайында бір жылдан кейін, яғни 2023 жылғы қыркүйектегі жолдауында, парламент жаңа құжаттың мәтінін әзірлеп қойған кезде ғана егжей-тегжейлі мәлімдеген еді.
– Мен ұзақ мерзімдер, шексіз шағымдар, ашықтықтың жеткіліксіздігі тәрізді ағымдағы жүйенің проблемаларын жою үшін мемлекеттік сатып алудың сапалы жаңа жүйесін енгізуді тапсырдым. Жаңа заң бюджет қаражатын ұтымды және тиімді пайдалануға ықпал етуі тиіс. Жаңа жүйе отандық кәсіпкерлікті одан әрі қолдауды қамтамасыз етуі және ең бастысы, бюджеттік қаржыландырудың көмегімен өзекті мәселелерді жедел шешуі қажет. Сатып алу процесін оңайлату және қысқарту, бағадан сапа басымдығы қағидатын қамтамасыз ету, яғни демпингке тиімді тосқауыл қою, сондай-ақ рәсімдерді толық автоматтандыруды жүзеге асыру міндеті тұр, – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.
Аталмыш құжатты егжей-тегжейлі пысықтап, Мәжіліске енгізу үшін тағы алты айдан астам уақыт қажет болды. Депутаттар жаңа заң жобасын тек 2024 жылдың сәуірінде ғана қарай бастады және 3 сәуір күні бірінші оқылымда, 15 мамыр күні екінші оқылымда бірден қабылдады, ал 20 маусымда заң жобасын Сенат мақұлдады және 1 шілдеде Президент қол қойды. Заң ресми түрде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін болады.
Заңның қабылдану процесі қаншалықты жылдам жүргеніне және Парламенттің баспасөз қызметінің заңды қалай жариялағанына зер салсақ, депутаттар тарапынан заңның мазмұнына ешқандай шағымның болмағанын көруге болады. Мәжіліс те, Сенат та Үкіметтің уәделеріне толықтай сенді, өйткені аталған заң Президенттің «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Өркендеген қоғам» жолдауында айтылған бастамасымен әзірленген-ді және заң шығарушы биліктің қисынына сүйенсек заңның қабылданбауы мүмкін емес еді, себебі қасақы әрекет ретінде қабылданар еді.
Керісінше мемлекеттік сатып алуды талдаушы мамандар тарапынан шағымдар, маңызды шағымдар туындай бастады.
Негізгі мәселе мемлекет өзінің мақтанышы ретінде көрсеткісі келетін келесі норма төңірегінде туындап отыр. «Қаржы министрлігінің бақылаушы орган ретіндегі рөлі қайта қаралды. Енді шағымдарды сатып алуды ұйымдастырушының өзі тікелей қарайды». Бұл Ақорданың қабылданған заң туралы ақпаратынан алынған дәйексөз және мұндай өзгеріс тізімде бірінші орынға қойылған.
Үкімет мұндай өзгеріс «сатып алуды жедел жүргізу, тапсырыс берушілерге үлкен өкілеттіктер беру және сатып алу рәсімдерінің кешіктірілуін болдырмау мақсатында» жасалды деп мәлімдеп отыр. Мәжілісте Мемлекеттік сатып алу туралы заң қабылданғаннан кейін Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл Премьер-Министр Олжас Бектеновтің кеңесшісі Әлішер Қожасбаевқа берген сұхбатында аталмыш өзгеріс жжауапкершілік пен жеделдікті арттырады» деп мәлімдеген болатын.
– Қаржы вице-министрі осылай дейді. Мұндай логиканы әрі қарай тарата түссек? Мәселен, қылмыстық іс жүргізу кодексіне қатысты кеңірек зерттей түссек. Ендігі жерде жүйе өзгеретін болады. Үш күн ішінде қылмысты орындаушылардың (ұйымдастырушылардың) өздері қазы рөлінде әрекет ететін болады, бұл жауапкершілік пен жеделдікті арттырады. Мұндай қағида ешкімге ұнамасы анық. Алайда біз мемлекеттік сатып алу туралы айтатын болсақ, бәрі жақсы болады дейді заң шығарушы өкілдер. Мәлімдемелер мен көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде барлығы тек тежемелік және тепе–теңдік жүйесі жайында мәлімдейді, алайда шындығына келсек одан толығымен бас тартып отыр,– деп «Goszakup Turaly» редакциясы өзінің Telegram-арнасында аталмыш мәлімдемеге мысқылмен жауап берген-ді.
Жарияланымның түсініктемелерінде риторикалық сұрақтар да әділ қойылды. «Тапсырыс беруші шағымды қарауға мүдделі тұлға емес пе? Байқауды өзі ұйымдастырмай ма?». Жағдай шынымен де осылай.
Сыбайлас жемқорлықты жүзеге асырудың жалпыға анағұрлым танымал әдістерінің бірін еске түсірейікші. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы өзіне таныс бір жеткізушімен алдын ала уағдаласады, онымен белгілі бір шарттарда сөз байласады (шартты түрде, сатып алудың 80%-ы жеткізушіге, 20%-ы шенеуніктің қалтасына кетеді, ал құжаттарға сәйкес 100% орындалды деп көрсетіледі), екі тарапқа да ыңғайлы бағаны тағайындайды, қажетті компания жеңіп шығуы үшін қажетті жағдайды жасайды, содан кейін «қажет» соманы өзара бөліседі.
Бұрын «қажетсіз» компаниялар мемлекеттік сатып алудан негізсіз немесе бас тартқан шенеуніктердің шешіміне шағымдана алатын және мұндай шағымды Қаржы министрлігінің аудиторлары қарастыратын-ды. Бұл көбінесе тексеруден соң бірсыпыра уақыттан кейін сатып алуды жосықсыз және жарамсыз деп танып, Мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушісін сыбайлас жемқорлыққа тартып, кейін істі «Антикорға» тапсыруға әкелетін еді. Нәтижесінде мемлекеттік бюджеттен ақша ұрламақ болған жосықсыз шенеуніктер мен олардың сыбайластары сотқа тартылатын.
Ендігі жерде мұндай айлы-шарғылар оңай олжаға айналып отыр, тіпті заңды саналады. Себебі шағымдарды үкіметтің айылын соғатын адамдар қарайтын болады.
Яғни, Үкімет тапсырыс берушілер мен ықтимал жеткізушілер арасында «Тарантин диалогын» құру туралы шешім қабылдады:
– Біз сізден бас тартуды жөн санадық.
– Неліктен? Оған негіз бар ма? Сіз біздің құқығымызды бұзып отырсыз!
– Себебі біз сізден бас тартуды жөн көрдік.
Бұған еш нәрсе жасай алмайсыз. Жаңа заңға сәйкес, шағымдану процедурасы дәл осылай өтеді. Одан кейінгі талқылаулар сот арқылы өтеді, ал «қажетті» компаниямен сатып алу қазірдің өзінде жұмыс істейтін болады, қорытынды шешім шығарылған кезде ол толығымен орындалуы әбден мүмкін.
Сонымен қатар, мұндай шағымдарға жаңа заңда мерзімнің қысқартылғанын атап өту маңызды! Бұрын, яғни 2014 жылғы Заңда мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап шағымдануға бес жұмыс күні берілетін еді. Енді тек үш жұмыс күні беріледі. Компания заңгерлерінің сатып алу құжаттамасын тексеруі, тапсырыс берушілердің жария мәлімдемелері мен сатып алуға қатысудан бас тарту негіздемесі арасындағы сәйкессіздіктерді анықтауы, ресми құжатқа қол қоюы және жіберуі үшін үш жұмыс күні ұсынылады (егер ол ұсынылған болса).
Жаңа заң мерзім аяқталғаннан кейін Мемлекеттік сатып алуға шағым беруге бола ма деген мәселе жайында сөз қозғамайды. Ескі Заңда «мерзім аяқталғаннан кейін шағым Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес электрондық мемлекеттік аудит аясында қаралады» деп көрсетілген-ді. Жаңа заңда аталмыш тармақ толығымен алынып тасталды.
Мұның бәрі бизнес құқығын анағұрлы күрделендіре түседі және Президенттің «жаңа жүйе отандық кәсіпкерлікті одан әрі қолдауды қамтамасыз етуі тиіс» деген сөзіне қайшы келеді.
Жаңа заңда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін арттыратын өзге де тармақтар баршылық.
– Рәсімдерді оңайлату және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін мемлекеттік сатып алуды өткізілмеді деп тану негіздері қайта қаралды. Бұрын сатып алулар тек бір жеткізуші қатысқан кезде өтпеді деп танылуы мүмкін еді. Енді мұндай жеткізушімен оны тиісті біліктілік талаптары деп таныған жағдайда шарт жасасуға рұқсат етіледі, – деп жазады Ақорда.
Мемлекеттік сатып алуды еш міндеттемесіз бір жеткізушімен шарт жасасу мүмкіндігі – жөнсіздік.
Мұндай норманы қабылдау нәтижесінде бәсекелестік шарттарда емес, «кіммен» тезірек келісім-шарт жасасу мүмкіндігі кезінде пайда болады. Яғни, мемлекеттік бюджетті пайдаланғысы келетін Мемлекеттік сатып алуға тапсырыс беруші компаниямен алдын-ала келісе алады, мемлекеттік сатып алу құжаттамасында олардың көмекшілерінен басқа ешкімге қолайсыз ережелер мен біліктілік талаптарын тіркей алады және сатып алуды бірден жоғары бағамен бір компанияға бере алады. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін «алып тастау» емес, оларды бірнеше есе арттыру деген сөз.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тағы бір өсуі Шартты бұзудың жаңа ережелерінде жатыр.
– Шартты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бұзуға: <…> 2) Өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Тапсырыс беруші біржақты тәртіппен жол береді, – делінген жаңа заңда. Бұрын заңда мұндай талап болған емес.
Егер міндеттемелерді орындамау туралы тармаққа қатысты ешқандай сұрақ туындамаса, мәселен, Алматының ботаникалық бағындағы жылыжай ғимаратын қайта құру жағдайы туралы, онда сирек кездесетін өсімдіктердің күйреуіне әкеп соқтырған, компанияның Тапсырыс беруші алдындағы міндеттемелерін орындамауы және шарттарды бұзу үшін ұзақ сот процестері болғанын біз жақсы білеміз. Сондықтан мұндай қағиданы қосу өте маңызды болғанын көруге болады.
Алайда «тиісті түрде орындамау» – абстрактілі ұғым. Заңда оған ешқандай анықтама берілмейді және осы «сәйкессіздікті» дәлелдеуге ешқандай талап қойылмайды. Сонымен, шенеуніктерге, мәселен, орындаушылардан орындалатын жұмыс үшін пара алуға ештеңе кедергі бола алмайды.
Сондай-ақ, жаңа заң бойынша Тапсырыс беруші шартты бұзып қана қоймай, бұзғаны үшін («өнім беруші шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда») сотқа жүгінбей-ақ келісім-шарт бойынша айыппұлды, өсімпұлды төлеуді талап ете алады және өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін бірден сотқа бере алады (айыппұл төленді ме, жоқ па және жеткізуші өз әрекеттерімен қандай да бір зиян келтірді ме? Осыларға қарамастан). Бұл шенеуніктерге жол ашады және әлеуетті сыбайлас жемқорларға компанияларға одан әрі қысым жасауға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, бизнес құқықтарына тікелей қатысты заң талқыға салынбады. Мәжілістен тысқары әзірленді. Заң мәтінінің мемлекеттік сатып алу талдаушыларының талаптарын тудырған бірінші нұсқасы 2023 жылдың жазында пайда болды, ал депутаттар қараған нұсқасы кейбір өзгерістермен – Мәжілістің қабылдану фактісі бойынша ғана пайда болды. Заң сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің күшеюіне әкеліп соқтыратын болады.
– Заң қолданыстағы сатып алу жүйесін жақсартуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, сондай-ақ құқықтық және әлеуметтік – экономикалық аспектілерге қол жеткізуге бағытталған, – деп жазылған goszakup.gov.kz. сайтында.
Аталмыш мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсіну үшін 2022 жылдың маусым айында Бас Прокурор Берік Асыловтың Тоқаевқа жыл басынан бері жойылған жеті мың бұзушылықтың ең көбі мемлекеттік сатып алу саласына тиесілі деп мәлімдегенін еске түсірудің өзі жеткілікті.
Осы мәлімдемеден кейін Ақорданың баспасөз хабарламаларында Бас Прокурордың қабылдаулары жөнінде ақпарат барған азая бастады. Алайда осы жылдың ақпан айында «Антикор» басшысы Асхат Жұмағали Президентке «Мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында 41,3 млрд теңге сомасына қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді» деп мәлімдеді (нақты мерзімі көрсетілмеген). Бұл тек теңізде құйылған тамшы тәріздес, көптеген ірі бұзушылықтар бірнеше жылдан кейін ғана анықталып жатады…
Соңғы мәліметтер бойынша Мемлекеттік сатып алулар еліміздің ЖІӨ-нің шамамен 10%-құрайтынын естеріңізге сала кетейік. Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлық экономиканың дамуын тежейтін фактордың бірі болып қала беретінін және онымен ымырасыз күресу қажет екенін үнемі айтып отырады. Сонымен, жағдайды ушықтыра түсетін заңға неліктен қол қойылып, қисынға және фактілерге қарама-қарсы тезистер жарияланады?
Комментариев пока нет