Мемлекеттік тілді білмейтін 2 министр анықталды
Сарапшылар тіл меңгеру деңгейі бойынша Қазақстан министрлерінің рейтингін жасады.
Тіл меңгеру деңгейі бойынша тізімінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек көш басында. Ол қазақ, орыс, ағылшын, итальян, түрік, жапон және латын тілдерін біледі.
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров та үздік үштік қатарында. Екі министр бес тілде сөйлей алатынын көрсеткен.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова төрт тіл меңгерген.
Ranking.kz сарапшыларының мәліметінше, Тамара Дүйсенова білетін төрт тіл қатарында қазақ тілі көрсетілмеген.
Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин тек орыс тілінде сөйлейді.
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.