Мен Қазақстан билігінен рұқсат сұрамаймын – Кеосаян
Ресейлік актер, тележүргізуші Тигран Кеосаян Қазақстанға қатысты мәлімдеме жасап, елге келу үшін Қазақстан билігінен рұқсат сұрамайтынын айтты.
– Мен бұған әзіл ретінде қараймын. Бұл күлкілі, жай ғана күлкілі. Мүмкін мен олардың қорқынышын тудыратын нүктеге тиген шығармын. Демек, мен журналистің жұмысын дұрыс орындадым. Мен міндетті түрде Қазақстанға келемін. Қазақстан билігінен рұқсат сұрамаймын. Мен туып-өскен туған Қазақстаныма, менің кеңестік Қазақстаныма міндетті түрде келемін, – деді Кеосаян жұма күні.
24 маусым күні қазақстандық БАҚ Кеосаянның лаңкестермен бір тізімге енгізілгенін хабарлаған еді.
«Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симонянның күйеуі Кеосая Қазақстанға кіруге тиым салынатын адамдардың тізімінде.



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.