English version

«Мен қылмыскер емеспін»: Хаменова сотта соңғы сөзін айтты

Контекст дня — 14 ноября 2022 17:10
0 -1

Бүгін № 2 Атырау қалалық сотында облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова соңғы сөзін айтты. Хаменова өзін ақтауды сұрайды.

Бақытгүл Хаменова өзінің кінәсіз екенін және оның ісін Антикор қызметкерлері ойдан шығарғанын айтты.

– Сотталушы Рысқалиев пен Адамовтың кінәсі дәлелденді. Оларда қылмыстың жәй-жапсарын жасырмай айтып, кінәларын мойындады. Сондықтан менің бұл іске қатысым болмағаны анық. Мемлекеттік айыптаушы, оны көрмеген немесе өзінің қылмыстық кемшіліктерін мойындағысы келмеген. Менің айғақтарым бойынша сот Рысқалиев пен Адамовқа жеке қаулы шығаруы керек, және нәтижесінде осы қылмыстық істі ойдан шығарғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалуы тиіс. Мені ақтауды сұраймын. Мен қылмыскер емеспін және кінәсіздігімді дәлелдеу үшін соңына дейін барамын, – деді Хаменова.

Экс-шенеуніктің айтуынша, прокурор шындық пен әділеттілікті жақтамайды.

Айта кетейік, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікке ілініп, қамауға алынды. Кейін Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды. Хаменовамен бірге облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев те ұсталды.

Фото: 24kz

Изображение 1 для «Мен қылмыскер емеспін»: Хаменова сотта соңғы сөзін айтты
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.