Ya Metrika Fast


English version

ӨМГ-нің қаржы-экономикалық қызметін талдау кезінде 118 бұзушылық анықталды

Контекст дня — 23 июня 2023 17:50
0
Изображение 1 для ӨМГ-нің қаржы-экономикалық қызметін талдау кезінде 118 бұзушылық анықталды

ҚМГ «Өзенмұнайгаз» АҚ мен оның мердігер ұйымдарын тексеру қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Exclusive.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс тобының басшысы Д.Хасанов корпоративтік орталық деңгейінде «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметіне кешенді тексеру жүргізу былтырдан бері жоспарланғанын айтты. Арнайы жұмыс тобы ҚМГ-нің, еншілес және тәуелді мекемелердің 50-ден астам қызметкерлерінен құрылған.

ӨМГ-нің қаржы-экономикалық қызметін талдау нәтижелері бойынша 118 бұзушылық пен сәйкессіздік анықталды, соның ішінде:


7 факт құқық қорғау органдарына берілді;
10 мәселе бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр;
101 мәселе бойынша жауапты адамдарға тәртіптік жаза қолданылады.

Сатып алу және өндірісті қамту саласында да олқылықтар анықталды. Мәселен, тексеру кезінде 2023 жылға арналған сатып алу жоспары 65%-ға орындалған, соның ішінде тауар позициялары бойынша бар-жоғы 58% қамтылды, яғни тауар ұсыныстарының 42% бойынша келісімшарттар жасалмаған.

Коллаж: ulysmedia.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.