English version

Министр болашақта сұранысқа ие болатын 5 мамандықты атады

Контекст дня — 22 ноября 2022 17:10
0 -1

Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек болашақта сұранысқа ие болатын бес мамандықты атады.

– Біріншісі, ақпараттық технологияға байланысты. Оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік, яғни ақпаратпен жұмыс істейтін инженерлер. Екінші – ұстаздар. Елімізде үлкен демографиялық өсу бан. Сондықтан мектептер көп салынады. Оған 120 мыңға жуық ұстаз даярлау керек. Ұстаздықты ұмытпаймыз. Үшінші, медицина қызметкерлері. Пандемия нені көрсетті? Эпидемиология, вирусология, микробиология саласында мамандар тапшы. Төртінші бағыт – көлік және тасымалдау. Жаһандану заманында осы саладағы мамандықтарға сұраныс жоғары болады. Бесіншісі, ауылшаруашылық саласы. Соңғы он екі жылда дүниежүзіндегі халық саны 8 млрд-қа жетті. Ал адамдар күніне үш рет тамақтанады. Сондықтан ауыл шаруашылығы, оның ішінде агроном, ветеринар, өсімдіктерді қорғау, генетиктер еңбек нарығына қажет, – деді Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, бұл мамандықтар қазіргі уақытта 15 ЖОО-да, 40-тан астамы колледждерде оқытылады. Сондай-ақ 120-дан астам мамандық еңбек нарығынан кететінін айтты.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Министр болашақта сұранысқа ие болатын 5 мамандықты атады
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.