Министр елдегі қант бағасы қашан төмендейтінін айтты - Exclusive
Поддержать

Министр елдегі қант бағасы қашан төмендейтінін айтты

Еліміздегі қант бағасы күзде төмендейді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ОКҚ брифингінде күзге қарай елімізде қант бағасы тұрақталатынын, 2025 жылға қарай Қазақстан қант өндірісін ұлғайтатынын айтты.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба қант өндірісін 49%-дан 80%-ға дейін арттыруды көздейді.

– 2025 жылға дейін біз импортталған қантқа тәуелділікті екі есе азайтамыз. Біз қантты өзіндік құнынан төмен сатуды тоқтатсақ, ұзын-сонар кезекті аяқтаймыз. Болжам бойынша, Ресей қыркүйек айынан бастап өз экспортын ашады, биылғы жылы Ресейде егін жеткілікті деңгейде, – деді Қарашөкеев.

Фото: Ақ Жайық




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *