English version

Министр коронавирустың жаңа штамы туралы айтты

Контекст дня — 2 декабря 2022 16:50
0 -1

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пен Президент Іс басқармасы медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Қазақстанда анықталған «омикронның» «Цербер» деп аталатын жаңа түрі туралы пікір білдірді.

Қазақтанда жақын күндері коронавирустың жаңа түрі анықталды. Министрдің пікірінше, цербер «омикрон» штамының кіші түріне жатады

– Цербер – омикронның кіші түрлерінің бірі. Омикронның ішкі түрлерін бақылап, тексеретінімізді және анықтайтынымызды білесіздер. Цербер жалпы айналымдағы вирустың 0,5 пайызын құрайды. Қазір ауруханада 100 науқас жатыр. Көпшілігі егде жастағы науқастар. 10 науқас ауыр халде жатыр, – деді Ажар Ғиният.

Алексей Цой вирустың жаңа штамдары пайда болатынын атап өтті. Оның айтуынша, кез келген вирустық аурулардың өршуі кезінде гигиена сақтау және иммунитетті қолдау ауырмауға көмектеседі.

Фото: РБК

Изображение 1 для Министр коронавирустың жаңа штамы туралы айтты
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.