Министр Сұлтанов Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының сынына ұшыраған Бақыт Сұлтанов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.
Сонымен премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып Серік Жұманғарин тағайындалды.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.
Фото: Тұрар Қазанғапов
Комментариев пока нет