Ya Metrika Fast


English version

Министр Самат Әбіштің ісіне қатысты пікір білдірді

Контекст дня — 20 сентября 2023 17:30
0
Изображение 1 для Министр Самат Әбіштің ісіне қатысты пікір білдірді

ІІМ басшысы Ержан Сәденов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің ісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тергеумен Бас прокуратураның арнайы прокуроры айналысады.

– Біз тергеумен айналыспаймыз, сондықтан Бас прокуратураның арнайы прокурорлары шешім шығарады, – деді Сәденов.


Айта кетейік, Бас прокуратураның Арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты «қаңтар оқиғалары» кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқаны белгілі болды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Фото: orda.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.